Индонезияда өлі табылған киттің асқазанынан 6 келі пластик шықты

0
140

Индонезияның ұлттық паркінен өлі табылған алып киттің асқазанынан 6 келіге жуық пластик қалдық шықты. Бұл туралы парк қызметкерлері BBC-ге хабарлады.

6 келі пластик бөлшектің ішінде 115 стақан, төрт бөтелке, 25 пакет және екі резеңке аяқ киім бар.

Ұзындығы 9,5 м болатын кит дүйсенбі күні кешке Капота аралының маңында Уакатоби Ұлттық саябағындағы судан табылды.

Бұл жаңалық қоршаған ортаны қорғау мамандарының арасында дау тудырды.

«Жануар өлімнің себебін анықтай алмағандығымыздан бөлек, нақты фактілер өте қорқынышты», – деді WWF Индонезияның теңіздегі жануарларды қорғау жөніндегі жауапты маман Дви Супрапти Associated Press-ке берген мәлімдемесінде.

“Пластик заттардың сол күйі сақталғандығын ескерер болсақ кит өлімінің басты себебі осы деп нақты айт алмаймыз”, – деді ол.

WWF Indonesia твиттер парақшасынан жануардың ағзасынан не табылғандығын көруге болады.

Қатты пластик (19 дана, 140 г), пластикалық бөтелкелер (4 дана, 150г), пластикалық пакеттер (25 дана, 260г), флип-флоп аяқ киімдер (2 дана, 270 г), баулар (3.26 кг) және пластикалық стақандар (115 дана, 750 г).

Индонезия секілді кейбір Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде пластик заттарды тұтынып, тастай салу айтарлықтай проблема болып отыр.

“Ocean Conservancy” және “McKinsey” бизнес және қоршаған ортаны қорғау орталықтары 2015 жылы жариялаған деректерге сәйкес, мұхиттарға тасталатын пластик қалдықтардың 60 пайызы Қытай, Индонезия, Филиппин, Вьетнам және Таиланд секілді Азияның 5 елінен екендігі жарияланған.

BBC хабарлауынша, пластик пакеттердің кесірінен жыл сайын жүздеген теңіз жануары қырылады.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз