Иракта алғаш рет үш француздыққа өлім жазасы тағайындалды

0
84
дереккөзден

Иракта жексенбі 26 мамырда Францияның үш азаматына “ДАИШ”* лаңкестік ұйымында мүшелікте болғандары үшін өлім жазасы тағайындалды. Сирияда тұтқындалған үш француз азаматының сот шешіміне шағым айтуға бір ай уақыттары бар. Deutschwelle ақпарына сәйкес аталған азаматтар сот шешімімен келіспейтіндерін мәлімдеп, сот отырысын Францияда өткізуді талап еткен.

32 жастағы Кевин Гоно Сирияға Франциядан туыс-туғандарымен келген. Ол ДАИШ*-тың құрамында болған әкесінің Сирияның Ракка қаласы үшін болған соғыста қаза тапқандығын айтты. Екінші сотталушы Леонар Лопенің де жасы 32-де, Лопе Франциядан 2015 жылы әйелі және балаларымен бірге кеткен, бастапқыда ДАИШ* тараптас болып, Иракта соғысқан, кейіннен Сирияда. 41 жастағы сотталушы Салима Машу ДАИШ*-тың Иракта, Сирияда және т.б елдерде лаңкестік әрекеттер жасаған бөлімшелерінің бірінде мүше болған.

AFP ақпарат агенттігі бұл Ирак сотының француздық азаматтарды өлім жазасына кескен алғашқы жағдай екендігін жазады. Бұған дейін ДАИШ* құрамына өткен француздықтар Иракта өмір бақи бас бостандығынан айырылған еді. Осындай айыппен ұсталған тағы 9 француз сот шешімін күтуде. Жалпы есепте Иракта ДАИШ*-пен тараптас болды деген күдікке әр елден жүздеген азамат іліккен, олардың кейбіреуі өлім жазасына кесілді.

Өз кезегінде халықаралық құқық қорғаушы Human Rights Watch ұйымы Ирак сотын өлім жазасына кесу туралы шешімді жиі қабылдайды деп айыптады. 2017-2018 жылдар аралығында қабылданған мұндай шешімдер 65-тен 217-ге өскен.


ДАИШ* - ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз