Иран байқаусызда өз әскери кемесін атып түсірді

0
90

Иранның әскери фрегаты – “Жамаран” жаттығу кезінде “Конарек” зымыран катерін суға батырып,  19 адам көз жұмып, 15 адам жараланды. Бұл туралы ирандық БАҚ хабарлады.

Ирандық ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, 2008 жылы Иран флотына қосылған әскери кемені өздері байқаусызда атып түсірген. Иран армиясының жасаған мәлімдемесінде бұл оқиға “Конарек” әскери кемесінің қолдау фрегатының салдарынан болған.

2019 жылы Парсы және Оман шығанағындағы жағдай шиеленісіп, Иран қолдайтын Йемен көтерілісшілері қыркүйекте Сауд Арабиясының екі мұнай өңдеу зауытын атқылаған болатын. АҚШ Иранның ықпалды генералы Қасым Сүлейманиді өлтірген соң, Иран оған жауап ретінде АҚШ-тың әскери базасын зымыранмен атқан. Қаңтарда Иран Тегераннан ұшып шыққан Украинаның жолаушылар ұшағын қателесіп атып құлатқан.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз