Иран еліне виза алу тәртібі жеңілдеді

0
180

Иран қазақстандық кәсіпкерлер үшін виза режимін жеңілдетті. Бұл туралы Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилу айтты. 

Baq.kz жазғандай Иран мен еліміз арадағы виза режимін жеңілдету туралы келіссөз жүргізді. Нәтижесінде тиісті құжатқа қол қойылды. Онда қос мемлекеттің кәсіпкерлері үшін жеңілдетілген виза тәртібі енгізілетіні көрсетілген.

“Біз екі ел азаматтарының жүріп-тұруын жеңілдетуге мүдделіміз. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда Иран көрші мемлекеттермен толығымен визасыз режим енгізу бағытын ұстанып отырғанын атап өткім келеді”, – деді Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилу.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз