Иран сес көрсетті

0
61
дереккөзден

Вашингтон белгілі бір деңгейде күш қолданатын болса, Иран АҚШ-тың “басына соққы жасайды” деп мәлімдеді Иран ислам революциясы күзет Корпусының бригадалық генералы Әмір-Әли Хаджизаде.

“Егер америкалықтар қадам жасайтын болса, біз олардың басына соққы жасаймыз”, – деп атап өтті Хаджизаде.

Хаджизаде америкалық әскерилердің Иран аумағында болуы қауіп төндіретінін алға тартты. Бригадалық генерал “дегенмен, қауіптің мүмкіндікке айналғанын” алға тартты.

Апта бұрын АҚШ президентінің кеңесшісі Джон Болтон Құрама Штаттар Иран жағалауына қозғалмалы соққы жасайтын “Авраам Линкольн” атты топты және атқылаушы топты бағыттағандарын хабарлған еді. Болтонның сөзінше бұл “Иран режіміне АҚШ-тың мүддесіне деген кез келген соққының аяусыз күштерге тап болатындығына ашық мысал”.

Бұған дейін Иран ядролық қаруды таратпау туралы “алтылықпен” жасаған келісімшарттың кей шарттарын орындамау туралы ниеттерін жеткізген еді. Иран басшысы Хасан Роухани еуропалық елдерге келіссөз үшін 60 күн беретінін алға тартты. Аталған ақпар Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Германия және Францияға жетті.


Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді. 9 мамырда Трамп АҚШ-тың Иранның ядролық мәмілесін тәрк ететінін мәлімдеді.

Мамырда АҚШ президенті Д. Трамп Иранмен Бірлескен іс-қимыл жоспарын тәрк ететінін хабарлады. Бұған себеп Трамптың Тегеранды уран байыту көздері және тыйым салынған қару-жарақ жасақтады деп айыптауы еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз