Иран сыртқы істер министрі отставкаға берді

0
73
photo: KAZAKNEWS.KZ

Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Джавад Зариф 25 ақпанда отставкаға берді.

Зариф өзінің инстаграм парақшасында жұмысты соңына дейін жеткізбегені үшін бәрінен кешірім өтініп, иран халқы мен шенеуніктеріне алғысын жеткізген.

Al Jazeera ақпарына сәйкес Зарифтың не себепті отставкаға бергені белгісіз. Зарифтың көмекшісі Аббас Мусави Иран СІМ басшысының қызметінен кеткенін растады деп жазады IRNA.

Зариф Иран сыртқы істер министрі болып 2013 жылы тамызда тағайындалды.

Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді. 2018 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның аталған шартты толыққанды жүзеге асырмай отырғандығын алға тартып, мәмілені тәрк ететінін хабарлады. Еуропалық елдер, Қытай және Ресей Иранмен жасасқан мәмілені әлі де ұстанып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз