Иранның вице-президенті коронавирус жұқтырды

0
74
Иранның әйелдер мен отбасылық істер жөніндегі вице-президенті Масуме Эбтекар. Photo: Middle East Monitor

Иранның әйелдер мен отбасылық істер жөніндегі вице-президенті Масуме Эбтекар коронавирус жұқтырды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

“Коронавирус жұқтырудың кейбір белгілерін ескере отырып Эбтекар ханымға анализ жасалған және вирустың жұққаны анықталған”, – деді агенттікке вице-президенттің кеңесшісі.

Осыған дейін Иранда денсаулық сақтау министрінің орынбасары мен екі парламентарийдің де ауруға шалдыққаны анықталған болатын.

Сондай-ақ коронавирустың кесірінен Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хосровшахи да 81 жасында қайтыс болды.

Еске салайық, Иранда жалпы 245 адам ауруды жұқтырса, оның 26-сы қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз