Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы саммитінде Астана декларациясы қабылданды

0
286

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) ғылым мен технология жөніндегі тұңғыш саммитінде «Ғылым, технология, инновация және Ислам әлемінің жаңғыруы» атты Астана декларациясын қабылданды.

ИЫҰ делегация басшылары қабылдаған және Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасында жарияланған Астана Декларациясының нұсқасында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту, оның әлеуетін көтеру, Исламның биік мұраттарына сәйкес зияткерлік кемелдікке жету, ғылым мен
технологияларды дамыту мен тереңдету үшін білім алуды және кеңінен таралуын ілгерілету, сондай-ақ осы салаларда мүше мемлекеттер арасындағы зерттеу және ынтымақтастықты дамыту сынды қағидаттар мен мақсаттарға құрылғаны көрсетілген.

Бұдан өзге Ислам әлемі мемлекеттерінің тұрақты дамуы үшін өзара ынтымақтастықпен ықпалдасу қажеттігі сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық салада ғылым мен технологияларды ұжымдасқан мүмкіндіктер арқылы дамыту мәселелері де қаралған.

Бұдан өзге ғылым, технология мен инновацияны 2026 жылға дейін дамыту жөніндегі ИЫҰ бағдарламасының ұсыныстарын іс жүзінде жүзеге асыру шаралары жасалатыны да атап көрсетіледі. Сонымен қатар Ислам әлемінде жастар мен әйелдер үшін білім мен ғылым мәдениетін орнықтыру қажеттілігі де аталады.

Мүше мемлекеттер арасында зерттеу, білім салаларын дамыту мақсатында университеттер, озық тәжірибелі ғылыми-зерттеу мекемелері мен орталықтар құру алға қойылған мақсат екені де айтылады. Өзара мүше мемлекеттер арасында мамандардың жұмыспен қамтылуы, дипломдарының мақұлдануы сынды бірлескен саяси тетіктер құру мақсатында көлік, энергетика, сауда мен инвестициялар саласындағы инфрақұрылымдық интеграцияны қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция» бастамасы құпталатыны да аталған.

Сонымен қоса ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, экожүйелерді сақтау, су ресурстарын тиімді пайладану т.б салаларда бағдарламаларды дамыту мәселелері де қарастырылған. Астанада 2016 жылғы сәуірде өткен азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымы Бас ассамблеясының қарарының қызметінің маңыздылығы да аталады. Және Өзбекстан Үкіметінің ИЫҰ-ның ғылым
және технология бойынша екінші саммитінің Өзбекстан Республикасында өткізілу ұсынысы мақұлданады.

Сонымен қатар, декларацияда баламалы энергия көздерін ұтымды пайдалану аясында Астанада өткізілген EXPO-2017 көрмесінің табысты өтуімен құттықтау да көрсетілген. Бұдан өзге ИЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет, үкімет және ресми делегацияларының басшылары ИЫҰ ғылым мен технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізілуіне орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз