Израиль премьер-министрінен Ердоғанға есеңгіретер жауап

0
55
дереккөзден

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Израильді «террористік мемлекет» деп атаған сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды BBC.

«Мен өз мемлекетіндегі күрд ауылдарын бомбалайтын, журналистерді түрмеге жабатын, Иранға халықаралық санкциялардан айналып өтуге көмек беретін, террористерге соның ішінде Газадағы лаңкестерге көмек беретін, еш жазығы жоқ адамдарды өлтіретін көшбасшыдан мораль туралы дәріс тыңдауға үйренбегенмін»,

-деп мәлімдеді Нетаньяху.

Бұған дейін Ердоған билеуші Әділет және даму партиясының митингінде сөйлеген сөзінде Палестин халқының наразылығын полицияның көмегімен басқандары үшін Тел-Авивті айыптаған еді.  Атап айтқанда, ол Палестина «террористік мемлекет» Израильмен басып алынғанын айтты.

Ердоған Иерусалимнің мәртебесі мұсылмандар үшін «қызыл жолақ» болып қалатынын және Түркия Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуі мүмкін екендігін алға тартқан еді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз