Канададағы тасжолда 70-тен аса көлік соқтығысты

0
83
Видеодан үзінді.

25 ақпан күні Канаданың шығысында 70-тен аса көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы CTV арнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да Онтарио провинциясында болған. Бірнеше жүк көлігі мен бензин тасымалдаушы көлік соқтығысқан. Нәтижесінде 500 литр дизель отыны төгілген.

Онтарио штатының полиция өкілі Керри Шмидт жол апатына жауған қалың қар мен жолдың көрінбеуі себеп болғанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз