“Кинжал” сынақтан өтті

0
47
Euronews

РФ Қорғаныс министрлігі МиГ-31 әскери «Кинжал» кешенді зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі сынағының сәтті өткенін хабарлады. «Кинжал» 1 наурызда Федералды Жиында президент Владимир Путин тарапынан таныстырылған еді.

Оқу-әскери сынағы Астрахань маңындағы сынақ полигонында жүзеге асырылды. РФ Қорғаныс министрі таратқан ақпарға сәйкес, жаңа зымыран аталған авиациялық кешенге кіретін барлық тактикалық және техникалық сипаттамалар мен уақыт көрсеткіштеріне негізделген мақсатқа жетті.

Путиннің айтуынша, «Кинжал» әлемде теңдесі жоқ зымыран, және қолданыстағы әуе қорғаныс және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне басыбайлы болмайды.

Путин сондай-ақ Ресейде жасалған өзге де жаңа қару-жарақтарды таныстырды, соның ішінде «Сармат» құрлықаралық баллистикалық зымыраны да бар.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз