Конгода кеме суға батып 30-ға жуық адам көз жұмды

0
158
Фото: Rusinfo.eu

Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысындағы Маи-Ндомбе өзеніне кеме батып кетті. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Қала мэрі Инонго Симона Мбоо Вембаның сөзінше апат салдарынан 30-ға жуық адам көз жұмып, 200 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Кемеде бірнеше жүздеген адам болған.

Кемеге отырғандардың басым көбі еңбекақыларын алуға бағыт алған мұғалімдер деп хабарланады. Елде жүретін жолдың сапасы сын көтермегендіктен жолаушылар кемеге мінуге мәжбүр болған.

Бұған дейін осы жылдың 10 мамырында Жерорта теңізіндегі Тунис жағалауында кеме апатқа ұшырап, 70-ке жуық мигрант қаза тапқан еді. 16 заңсыз мигрантты қайғылы оқиға орнына жақын келген балықшылар құтқарып қалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз