Кореядағы сакура бақтарына саяxат

0
607

Сакура гүлдерін Күншығыс елі – Жапонияның символы деп жатамыз. Алайда Оңтүстік Кореядағы шие түсті гүлдердің әсемдігі сакураның отанындағыдан кем емес. 

Бүгінде кәріс тілінде “Аққұба гүл” деп өзгертілген Жапон ағаштары Кореяның барлық жерінде өседі деуге болады. 

Наурыз айының соңынан бастап елдің оңтүстігін ғажайып баққа айналдыратын аққұба гүлдер Чеджу аралынан басталып Корей елінің жазғы астанасы Пусанда жалғасады. Көктемгі гүлдеу марафоны елдің солтүстік бөлігіне еніп Сеул мен Чунчонда аяқталады. 

Сакура гүлдері елдің барлық жерінде, көшелерде, үлкен-кіші бақтарда, әсіресе Будда xрамдарының маңайында көптеп кездеседі. Көктем мезгілінде Корей еліне сапарға шығатын болсаңыз “аққұбаның” әсемдігі мен көркем пейзажына тоймастан әдемі суретке түсуге мүмкіндігіңіз болады.

Қазіргі уақытта екі аптаға жуық уақыттан бері “аққұба” гүлдеп тұр. Енді бірер аптада гүлдеу мерзімі аяқталады. Осы уақыт ішінде салт-дәстүрге сай кәріс xалқы “Ханамиға” шығады. Ханами әдетте сакура бақтарындағы арнайы отыратын жерлерде, ағаштардың саясында адамдар өз отбасы, бала-шағасымен, немесе достарымен, сүйіктілерімен барып сакура гүлін тамашалайды. Аққұба гүл бақтарына апарған дәмді де әдемі безендірген тамақтарын дәм татып, ойнап-күліп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырып, әдемі гүлді тамашалап демалады. 

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз