Әлемде COVID-19 індетінен қайтыс болғандар бір миллионнан асты

0
207
Photo: AFP

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны бір миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті хабарлады.

Үкіметтер індеттің тарамауына барынша күш салып, екінші толқынынан да қауіптеніп отыр.

Денсаулық сақтау саласы сарапшыларының пікірінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар саны ресми деректен әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі қажетті дәрежеде тест жүргізіліп отырған жоқ және кейбір елдер тарабынан індет ауқымын жасыру талпынысы да байқалған.

Қыркүйек айында өзге елдермен салыстырғанда Үндістанда вирус жұқтырғандар мен коронавирустан қайтыс болғандар көбірек тіркелген. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 6 млн-нан астам адамнан коронавирус табылған, 95 мыңнан астам адам қайтыс болған. Егер көбею тренді қайталана берсе, келесі айда Үндістан вирус жұқтырғандар саны жағынан әлемде бірінші орында тұрған АҚШ-тан асып түседі. АҚШ-та Covid-тен 205 мың адам қайтыс болған, бұл – әлем бойынша адам өлімінің бестен бір бөлігіне тең.

Коронавирустың жаңа түрі былтыр жыл соңында Қытайда пайда болып, әлемге тараған. Көптеген вакциналар сынақтан өткізіліп жатыр, алайда мамандар індеттің беті қайтатын түрі көрінбейді дейді. Күн сайын орташа есеппен 5 мың адам өлімі тіркеліп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз