Әлемде COVID-19 жұқтырғандар бес миллионға жуықтады

0
172
Photo: vindobona.org

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде бір күнде 106 мыңнан астам адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Бұл – бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш.

Әлемде вирус жұқтырғандар 5 миллион адамға жуықтады. 325 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болған.

Еуропа елдері індеттің беті қайтқанын хабарлап, шектеу шараларын біртіндеп жұмсартса, дамушы елдерде вирус өршіген.

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, Латын Америка елдері, Үндістан және өзге аймақтарда инфекция жылдам тарап, тесттер жиі жүргізіле бастаған.

“Пандемия әлі ұзаққа созылады. Біз табысы орташа және төмен елдерде коронавирус жұқтырғандардың артуына алаңдап отырмыз” деді ДДСҰ жетекшісі Тедрос Гебрейесус.

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандар саны артып, 18 мыңнан асқан. Латын Америкадағы ең ірі ел әлемде коронавирус жұқтырғандар саны (275 мың адам) бойынша үшінші орынға шықты. Үндістанда бір күнде 100 мыңнан астам тест жүргізіліп, бір күнде 5 611 адамнан коронавирус табылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз