Әлемдегі ең үлкен мүсін қалай көрінеді?

0
952

Үндістанда «Бірлік мүсіні» деп аталатын әлемдегі ең үлкен мүсін пайда болды. Үндістанның тәуелсіздігі үшін күрескен қаһарман Сардар Валлабхай Пателге арналған мүсіннің биіктігі 182 метрді құрайды.

Ескерткіш Үндістанның Гуджарат штатының Вадодор қаласында орналасқан. «Бірлік мүсіні» ел премьер-министрінің қатысуымен сәрсенбі күні салтанатты түрде ашылды.

Ескерткіштің жанында 12 шаршы метрді құрайтын жасанды көл мен, мүсіннің жоғарғы жағында бақылау алаңы орналасқан. Мүсіннің құны 430 миллион АҚШ долларын құрады.

«Бірлік мүсіні» Нью-Йорктегі «Азаттық мүсініне» (93 м) қарағанда екі есеге үлкенірек. Ал әлемдегі ең үлкен мүсін саналатын Мьянмадағы Будданың мүсінінен (115.82 метр) асып түсті.

«Бірлік мүсіні» Қытайдағы Будда ескерткішінен 74 метрге жоғары.

Сардар Валлабхай Пателге – елді Ұлыбританияның жаулап алуы кезінде жанын беріп соғысқан Үндістанның халық қаһарманы. 1947 жылдан бастап 1950 жылға дейін Ішкі істер министрі және Үндістанның премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған. Қаһарманға арналған алып мүсінді салу туралы жоспар 2013 жылдан бастап қолға алынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз