Мадуро АҚШ-тың гуманитарлық көмегінен бас тартты

0
120
Венесуэла президенті Николас Мадуро.

АҚШ-тың Венесуэлаға жіберген алғашқы гуманитарлық көмегі Колумбияның Кукута қаласына жетті. Бұл туралы Венесуэла мемлекеттік департаменті хабарлады.

Алайда президент Николас Мадуро “Венесуэла халқы америкалықтардың көмегіне мұқтаж емес” деп, көмекті колумбиялықтарға таратып беруге кеңес берді. Ал оппозиция жетекшісі Мадуроның бұл әрекетін адамзатқа жасалатын қылмыспен тең деп сынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Мадуро әскерилерге Колумбиямен шекарадағы көпірді жауып, одан гуманитарлық көмекті өткізбеуге бұйрық берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз