Мәжіліс спикері Босния басшылығымен кездесті

0
106

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне бақылаушы ретінде келген Босния және Герцеговина Президенттігі Президиумының Төрағасы Бакир Изетбеговичпен кездесті.

Мәжіліс спикері екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 20 жыл толғанын атап өтіп, мәртебелі мейманның бұл жолғы сапары өзара ынтымақтастықты нығайтуда әлдеқайда маңызды екенін алға тартты деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Н. Нығматулин 21 ғасырдағы технологиялық, инновациялық ғылым жаңалықтары жарқын болашақтың кепілі, сол үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ИЫҰ-ның ғылым және технология бойынша саммитін өткізу бастамасын көтергенін атап өтті.

Өз кезегінде Б. Изетбегович Қазақстанның технологиялық жоғары жетістіктері қызықтыратынын және екі елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға аса мүдделі екенін жеткізді.

Атап өтсек, Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы  маңызды әріптесі болып табылады. Осы орайда тараптар халықаралық және парламентаралық ынтымақтастық жайына да баса көңіл бөліп,  заңнамалық тәжірибе алмасу жайын сөз етті.

Бакир Изетбегович – тәуелсіз Босния және Герцеговинаның алғашқы президенті Алия Изетбеговичтің ұлы. Босния және Герцеговина Президенттігі Президиумына 2014 жылы босниялық мұсылмандар атынан сайланған. Изетбеговичпен қатар президиумда тағы бір серб және бір хорват бар. Президиум мүшелері 8 айда бір Босния және Герцеговина Президенттігі Президиумының төрағасы қызметін атқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз