Меккеде қажылық басталды

0
34
Қағба маңы. Мекке қаласы. Сурет: middleeasteye.net

Сауд Арабиясының Мекке қаласында мұсылмандардың 5 парызының бірі қажылық басталды. Қажылыққа екі миллионға жуық мұсылман келді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегінше, биылғы қажылыққа бұл елге үш мыңнан астам квота берілген.

Биылғы қажылыққа Ираннан да мыңдаған адам барған. 2015 жылы Меккеде қажылық кезінде адамдар тапталып, 2300 адам қайтыс болған. Қаза тапқандардың көбі ирандық еді. Осыдан кейін Иран бірнеше жыл қажылыққа бойкот жариялады.

Биылғы қажылық 9-14 тамыз аралығында өтеді.

Қажылық – исламның бес парызының бірі. Ислам дінінің заңдарына сай, әр мұсылман шамасы жетсе өмірінде бір рет Меккеге қажылыққа баруы парыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз