Меркель канцлерлік мансабын аяқтайды

0
159

Германия канцлері Ангела Меркель «Германияның христиан- демократиялық одағы» (ХДО) партисының басшылығынан кетеді. Бұл туралы ол ХДО басшылығының кездесуінен кейін мәлімдеген. Сонымен қоса, Германия канцлері қазіргі кездегі өкілеттілігі аяқталғаннан кейін үкімет басшысы қызметін де босатпақ.

«Германияның Федералдық канцлері ретіндегі төртінші мерзімім аяқталды. ХДО-ның желтоқсан айында Гамбургте өтетін кезекті сайлауға өз кандидатурамды ұсынбаймын. Және бұдан кейін мемлекеттік лауазым үшін күреске түспеймін»

Меркель өз шешімін ХДО-ның Гессен федералдық жерінің парламентіне өткен сайлау қорытындысымен байланыстырады. Онда партия небәрі 27 пайыз дауыс жинаған болатын. Бұл өткен сайлауға қарағанда 11,3 пайызға аз.

ХДО жаңа басшысын сайлау желтоқсанда өтуі тиіс. Кезекті сайлауда ХДО төрағалығына Меркельдің бас сыншысы, елдің Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпана және ХДО бас хатшысы Аннегрет Крамп-Карренбауэр және экономика министрі Пеиер Альтмайер өз кандидатурасын ұсынуы ықтимал.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз