Үндістанда әлемдегі ең қымбат сайлау басталды

0
246
Үндістан туы.

Үндістандағы парламенттік сайлауға 7 млрд доллар қаржы жұмсалып, 900 миллионға жуық адам қатыса алады. Сайлаудың бірінші кезеңі бүгін, 11 сәуір күні өтеді. Бұл туралы The Times of India хабарлады. 

Бұған дейін Үндістан сайлау комиссиясы мәлім еткендей, алдағы дауыс беру сайлаушылар саны бойынша әлем тарихындағы ең ауқымды сайлау болмақ. Сайлау барлық 29 штатта және жеті одақтық аумақта жеті кезең бойынша өтеді: 11 сәуір, 18 сәуір, 23 сәуір, 29 сәуір, 6 мамыр, 12 мамыр және 19 мамыр.

Дауыстарды санау 23 мамырда аяқталуы тиіс. Бейсенбі күні 91 сайлау округінде жергілікті уақыт бойынша 07:00-де  сайлау учаскелері ашылып, 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Үндістан халқының шамамен 65%-ының жасы 35-тен төмен болғандықтан, сайлаушылардың құрамын тарихтағы ең жасы деп деп те атауға болады. Сонымен қатар, бұл әлемдегі ең қымбат сайлау болайын деп тұр.

The Times of India басылымының хабарлауынша, сайлауға жұмсалатын жалпы шығындардың көлемі 7 млрд доллар. Демек орта есеппен әр сайлаушыға шаққанда 8 доллардан. 1 миллионнан астам дауыс беру учаскелері ашылады. Парламенттің төменгі палатасындағы 543 орынға шамамен 8 мың адам үміткер болғалы отыр. Көп дауыс жинаған партия ғана билеуші коалиция құра алады және бұл саяси ұйым үкіметті жасақтайды, ал оның көшбасшысы премьер-министр болады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз