Оксфорд университетінің коронавирусқа қарсы вакцинасын сынау уақытша тоқтатылды

0
38
Photo: centralasia.media

AstraZeneca дәрі-дәрмек компаниясы коронавирус вакцинасын сынауға қатысқан еріктілердің бірінің жағдайына байланысты зерттеуді уақытша тоқтатқанын хабарлады.

AstraZeneca компаниясының британдық Оксфорд университетімен бірігіп жасаған вакцинасы әлемде қолданысқа ену ықтималдығы жоғары екпелердің бірі саналады.

8 қыркүйекте жарияланған AstraZeneca компаниясының мәлімдемесінде стандартты тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқаны жазылған. Компания тәуелсіз комиссия деректерді тексеруі үшін сынақ тоқтатылды дейді.

Олар бұл сынақ барысында ықтимал ауру анықталған кезде қабылданатын стандартты шара деді.

Stat News сайтының жазуынша, сынаққа қатысқан адам біртіндеп айығып келе жатыр. Сынақтың тоқтатылғаны туралы бірінші хабарлаған ерікті екпенің жанама әсері болуы мүмкін жайлы ақпарат сынақтың тоқтатылуына ықпал еткен болуы мүмкін деп санайды.

AstraZeneca – АҚШ-та ондаған мың еріктінің көмегімен коронавирус вакцинасын сынақтан өткізіп жатқан негізгі үш компанияның бірі. Қалған екі сынақты Pfizer және Moderna компаниялары жүргізіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз