Қос Корея арасында жолаушылар пойызын жүргізу қашан басталады?

0
110

Оңтүстік және Солтүстік Корея мемлекеттері арасында теміржолдарды қосу рәсімі өтті. Оңтүстік Кореядан Корей Халық Демократиялық Республикасына бағыт алған жолаушылар пойызының алғашқы тұтынушылары оңтүстік кореялық делегаттар.

Екі мемлекет арасындағы теміржолдар бағытын қосу рәсімі бүгін таңғы сағат 10:00 де Солтүстік Кореяның Кэсон қаласында Пханмун станциясында өткізілді.

КХДР теміржол станциясына Оңтүстік Кореядан 100-ге жуық делегат келді. Олардың қатарында Корея Республикасының көлік коммуникация министрі мен “біріктіру” министрі, парламент жетекшілері және басқа да ресми тұлғалар бар.

Оңтүстік кореялық БАҚ-тың хабарлауынша салтанатты рәсімге БҰҰ мен Ресей, Қытай және Моңғолияның өкілдері қатысқан.

Ескеретін жайт, теміржол бағыттарын ашу рәсімі екі мемлекет арасындағы теміржол қатынасының нақты басталуы емес, бұл мемлекеттер арасында көптен үзілген бағыттардың, ынтымақтастық қарым-қатынастың қайта жандануына бастау болар символдық шара. Қос Корея арасындағы саяси ынтымақтастық қатынастар алғаш бастау алғандай жалғасар болса жақын күндерде қос халықты біріктіретін жолаушылар пойызы да өз жұмысын бастары анық.


Қос Корея президенттері Мун Дже Ин мен Ким Чен Ын 2018 жылдың соңына қарай батыс пен шығысқа қарай қатынайтын теміржол және автокөлік жолдарын қосу жөніндегі жұмыстарды бастауға келіскен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз