Пашинян премьерлікке қайтадан ұсынылды

0
52
Никол Пашинян/дереккөзден

Армения парламентінің үш оппозициялық фракциясы «Елк», «Дашнакцутюн» және «Царукян» блогы бейсенбіде қайтадан республиканың премьер-министрі лауазымына оппозиция лидері Никол Пашинянның кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы сәрсенбіде Республика алаңында Пашиянның өзі мәлімдеді. Сондай-ақ Пашинян бейсенбіде наразылық акциялары болмайтынын, ереуілшілерді бір күн тайм-аут алуға шақырды.

Бұған дейін сәрсенбіде Никол Пашинянның республика премьер-министрі болуын талап еткен ереуілшілер Армениядан Грузияға, Иранға дейінгі мемлекетаралық автожолдарды жапқан еді.

1 мамырда парламент депутатттары Пашиянның кандидатурасын мақұлдамады. Пашинянды парламентте 45 заң шығарушы қолдап дауыс берген, ал ел премьер-министрі лауазымына тағайындалу үшін 53 дауыс жинау міндеттеледі. Кандидатурасы мақұлданбағаннан кейін Пашинян өз жақтастарын ауқымды ереуілге шақырды.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, 8 мамырда мемлекеттің үкімет басшысын тағайындау бойынша кезекті сайлау өтеді. Басқарушы партия оппозиция ұсынған кандидатты қолдайтындарын бұған дейін мәлім еткен еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз