Порошенко Ресеймен достық келісімшартты жоймақ

0
65
дереккөзден

Украина президенті Петр Порошенко Жоғары Радаға Ресеймен достық қарым-қатынастың күшін жоятыны туралы келісімшартты енгізді. Бұл туралы украин парламентінің ресми сайтында хабарланады. Келісімшартты Украина 2019 жылдың басында тәрк етеді, деп хабарлайды Рададағы президенттің ресми өкілі Ирина Луценко.

Раданың дүйсенбіде өткен келісім кеңесінде Луценко депутаттар келісімшартқа қарсы пікір білдірмейтіндігіне үміт артты.

Аталған заң жобасы Украинаның Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің Ресеймен достық қатынасты әрі қарай жалғастырмау туралы шешімінен кейін жасақталды. Ресей мен Украина арасындағы өзара достық туралы келісімшартқа 1997 жылы сол тұстағы Украина басшысы Леонид Кучма мен Ресей басшысы Борис Ельциннің тұсында қол жеткізілген еді. Келісім 1999 жылдың 1 сәуірінде 10 жылдық мерзіммен күшіне енді. 2009 жылы келісімшарт автоматты түрде ұзартылды, себебі орыс және украин тарабынан келісімшартқа қарсы келгендер болмады.

Келісімнің негізгі мақсаты – тараптардың «өзара сыйластық, егемендік теңдік, аумақтық тұтастық, шекаралардың қол сұғылмауы, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу, күштерді немесе күш қолдану қаупін қоса алғанда, экономикалық және басқа да қысым көрсету әдістерінің негізінде» тараптардың стратегиялық әріптестігі туралы ұмтылысын бекіту, – деп келтірілген достық туралы келісімнің үшінші бабында.

Ресей қандай көзқарас танытты?

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қыркүйекте Украинаның келісімді тәрк ету шешімін “ойға қонымсыз” деп атады. Сол кезде Ресей Сыртқы істер министрлігі елден шартты алып тастаған жағдайда «Ресей-Украина қарым-қатынасына ғана емес, сонымен бірге Украинаның ұлттық мүдделеріне де зор зиян келтірді» деп мәлімдеді.

Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас соңғы уақытта Қара теңізде үш украин кемесі мен экипажы тұтқынға алынғаннан кейін тіпті ушығып кетті. Украина Ресейдің толыққанды басқындығы күшейіп барады деп мәлімдеп, елдің аумағында әскери режим жариялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз