Португалияда туристік автобус апатқа ұшырап 30-ға жуық адам көз жұмды

0
120
Фото: REUTERS/Duarte Sa

Португалиядағы Мадейра аралында туристік автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 29 адам қаза тапты. Бұл туралы Газета.ру жергілікті Lusa агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қаза тапқан адамдарың саны туралы арал мэрі Филипе Соуза хабарлаған.

Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-да болған. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Дегенмен автобус жүргізушісі рөлге ие болмай, көлік жолдан тайып, тұрғын үйдің төбесіне құлаған деген ақпар тарады. Автобус Санта-Круш ауданында құлаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз