Путин мен Ким Владивостокта оңаша кездесті

0
96
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта). Владивосток, 25 сәуір 2019 жыл.

25 сәуір күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Владивостоктағы Қиыр шығыс федералдық университетінің ғимаратында кездесті.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин Кимді оқу орнының құрметті қарауыл қойылған корпусынан күтіп алған.

Агенттік хабарынша, Солтүстік Корея лидерінің лимузині корпус кіреберісіне таяп, екі ел басшысы қол алысқан соң ғимаратқа кірген.

“Келіссөзге әзірленген залға ене бергенде Путин қонақжай үй иесі ретінде Кимге жол беріп, өзінің оң жағындағы орындыққа нұсқады” деп жазады агенттік.

Путин мен Кимнің аудармашылары ғана қатысып отырған оңаша кездесуіне әуелде 50 минут бөлінгенімен, кездесу өтіп жатқанына бір сағаттан асты. Оңаша кездесуден соң екі ел басшының қатарына екі тараптың бірнеше министрі қосылады деп жоспарланған. Бірақ бұл жиынға да баспасөз қатыспайды.

Азаттық сайтының хабарлауынша, бұл – Ким Чен Ынның Ресейге алғаш сапарлап келуі.

“25 сәуірде өтетін келіссөздің негізгі тақырыбы Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесін дипломатиялық және саяси жолмен шешу болмақ” деп мәлімдеді 23 сәуірде Кремль өкілі Юрий Ушаков. Оның сөзінше, соңғы кездері түбектегі жағдай “реттелген”. Ушаков “бұған Солтүстік Кореяның ядролық қаруды сынауын доғарып, полигонды жабуы ықпал етті” дейді.

Ресейдің мемлекеттік РИА “Новости” агенттігінің жазуынша, кездесу кезінде қандай да бір құжатқа қол қою не бірігіп мәлімдеме жасау жоспарланбаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз