Путиннің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды

0
107
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Photo: astrakhan.su

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.

Песковтың өзі журналистерге вирус жұқтырып, емделіп жатқанын хабарлаған.

Песков – президент Путинге ең жақын шенеуніктің бірі. Ол күнделікті Путиннің және Кремльдің мәлімдемелеріне конференц-колл арқылы журналистерге пікір білдіріп жүрген. Песковтың соңғы рет қашан Путинмен жолыққаны белгісіз. Белгілісі, Путин қазір Ново-Огоревтегі резинденциясында және кездесулерінің көбін қашықтан өткізіп жатыр.

Бұған дейін Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мен мәдениет министрі Ольга Любимоваға да вирус жұққан. Олардың қазіргі жағдайы жайлы хабарланбады.

Ресей вирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде екінші орынға шықты. Бұл елде 232 мыңнан астам адамнан вирус табылды. Екі мыңнан астам адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз