Путин ядролық айбат көрсетті

0
100

Ресейде әлемнің әр жеріндегі нысаналарды жою күшіне ие жаңа дыбыс жылдамдығында зымыран сынақтан өтті. Бұл жайында 1 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Федералдық кеңесте жасаған жолдауында айтты.

Ресей президенті конституцияға сәйкес жыл сайын Федералдық кеңесте есеп береді. 

Владимир Путин бұл жолы да әдеттегідей өткен жылды қорытындылап, ел болашағына қатысты жоспарларымен бөлісті.

Sputnik-тің хабарлауынша, Путиннің сөздері әрі ішкі әрі сыртқы саясатқа бағытталған месседждерге толы болды. Идеологияға негіздеген сөздерінде парламентке қарата айтылған нақты ұсыныстар да аз болған жоқ.

Сонымен қатар, Путиннің кезекті кеңесті дәл осы кезеңде өткізуі де бекер емес. Өйткені 18 наурыз күні президенттік сайлау өтеді. Бірқатар саясаттанушы Путиннің басқа үміткерлермен бірге ашық пікірталас алаңына шықпай, кеңесті осы уақытта өткізуін сайлауалды бағдарламасына жорып отыр.


«Ресей ядролық держава болған және бола бермек. Ұмытпаңыздар, бізбен шын мәнінде ешкім сөйлескісі келмеген. Бізді ешкім тыңдағысы да келген жоқ. Ал енді тыңдаңыздар», – деп мәлімдеді Путин.

Путин сөйлеп тұрғанда «Сармат» атауымен белгілі жаңа құрлықаралық зымыран бейнеленген видео көрсетіліп тұрған. Роликте зымырандардың Жер шары моделін айнала ұшып, бірнеше траекторияда шабуыл жасағанын көруге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз