Қанат Ислам канадалық былғары қолғап шеберімен кездесу өткізеді

0
96

9 қыркүйек елордамыз Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде орта салмақта өнер көрсететін Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен Канадалық Брэндон Кук қолғап түйістіреді.

Брэндон Куктың vesti.kz сайтына жасаған мәлімдемесінде «Қанат Исламның мықты боксшы екеніне дау жоқ, десек те мені осал боксшы деп ойламаңыздар» деген ой айтылды.

Өзге елден келген былғары қолғап шебері Астанаға келіп жаттығуларын бастап кеткеніне бірнеше күннің жүзі болғанын атап өтті. Осы күнге дейінгі жекпе-жектерін отанында өткізген Брэндон Кук алғашында бокс Қазақстанда өтетінін естігенде біраз қобалжығанын жасырмады. Өзге елде, өз елінен алыста екенін ойлап қобалжығанымен, Астананы көргенде ойы бірден өзгеріп, «ерекше әсем қала, пейілі жақсы адамдар» деген ойға тоқтағаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, Канадалық 31 жастағы кәсіпқой боксшы осыған дейін рингде өткізген 18 жекпе-жегінің барлығын жеңіспен аяқтаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз