Қытаймен сауда қатынасында АҚШ-тың әлеуеті қандай?

0
113
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР басшысы Си Цзиньпинге кеден салығына қатысты алғыс білдірді. «Біз бірге айтарлықтай әлеуетке қол жеткіземіз», – деп жазады Трамп 11 сәуірге қараған түні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

10 сәуір Боаодағы Азия экономикалық форумының ашылу салтанатында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел экономикасының ашықтығын қамтамасыз етуге уәде беріп, автокөліктерді қосқанда бірқатар импортталатын тауарларға баж салығы төмендетілетінін мәлімдеген еді. Reuters таратқан ақпарға сәйкес, ҚХР төрағасы мемлекет шетелдік инвесторлардың нарыққа қол жетімділігін бірден кеңейтеді. Бұған дейін ел нарығына (Қытай нарығына – ред) қол жетімсіздік үшін Қытайдың сауда серіктестері, соның ішінде АҚШ шағымданған еді. Сондай-ақ Си Цзиньпин Қытай автокөлік секторында шетелдік меншік лимитін «тез арада» ұлғайтуға уәде берді сондай-ақ қаржы секторын ашу жөніндегі бұрын жарияланған шараларды қабылдау күшейтілетінін хабарлады.


Наурыз айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп «Қытайдың экономикалық агрессиясына қарсы күрес» меморандумына қол қойды. Аталған меморандум Қытайда өндірілетін тауарлар мен өнімдерге шектеу қояды. Трамптың айтуынша, бұл бастама Бейжіңге 60 миллиард долларға күш түсірмек. АҚШ президентінің жарлығына сәйкес, импорттық баж салығы болатқа 25 пайызға, алюминийге 10 пайызға енгізілді.

1 сәуірде Қытай өз қызығушылықтарын сақтау және шығын көлеміне өтемақы мақсатында 128 АҚШ тауарына салық енгізді.

Сафина Саид 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз