Рамзан Қадыров Хабибтің әкесіне Mercedes сыйлады

0
110
Сурет: tengrinews.kz

5 ақпан күні Ресейлік спортшы, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Mercedes көлігін сыйлады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

“Сыйлық әкеме Шешенстаннан келді. Көп рақмет. Әкеме, маған және Дағыстандағы басқа азаматтарға назар аударып жатқаныңызға алғыс білдіремін. Сіздің Дағыстан халқына жасаған қамқорлығыңызды көріп жүрмін”, – деді Хабиб Нурмагомедов.

2018 жылы Қадыров бес жастағы балаға кеудесін жерден төрт мың рет көтергені үшін Mercedes көлігін сыйлаған болатын.

29 қаңтарда Неваданың Атлеттер комиссиясы Нурмагомедовке тоғыз айға жарысқа шығуға тыйым салған еді. Оған қоса, спортшыға Конор МакГрегорды жеңгеннен кейін жаппай төбелесті ұйымдастырғаны үшін 500 мың доллар айыппұл салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз