Ресей президенті туған күнінде өз жалақысын көбейтті

0
170
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин 67 жасқа толған күні өзінің және тағы да бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің жалақысын көбейтті.

Путиннің 7 қазанда қол қойған өкіміне қарағанда, президент жалақасы былтырғы инфляцияның ресми деңгейімен бірдей, яғни 4,3 пайызға өскен. Ресей президентінің жалақысы 11 мың доллардан 11500 АҚШ долларына жуықтаған (746 мың рубль).

Өзге жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысы да 4,3 пайызға жоғарылаған. Оның ішінде қорғаныс министрі Сергей Шойгу, премьер-министр Дмитрий Медведев, Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников және тағы да басқалар бар.

Азаттық сайтының хабарлауынша, Ресей жоғары лауазымды қызметкерлерінің жалақысы былтыр 4 пайызға көбейген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз