Ресейде коронавирустан бірінші адам қайтыс болды

0
124
Photo: apostrophe.ua

Ресейде коронавирустан бірінші адам көз жұмды. 79 жастағы пациент Мәскеу қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмған.

Ол 13 наурызда ауруханаға жатқызылған. Бастапқыда жеке клиникада емделіп, кейіннен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған.

Пациентте коронавирустан бөлек диабет және жүрек ишемиясы болған. Науқас жасанды тыныс алу аппаратымен тыныс алған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Соңғы дерек бойынша, Ресейде 147 адамнан коронавирус табылған. Бес адам жазылған. 87 адам Мәскеу аурухананасында жатыр.

18 наурыз бен 1 мамыр аралығында шетелдіктердің Ресейге баруына тыйым салынған. Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 23 наурызда басталып, 12 сәуірде аяқталады. Қалада ірі қоғамдық шараларға тыйым салынған, музейлер жабылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз