Ресейде Сталинге ескерткіш қойылды

0
134
Мәскеудегі Иосиф Сталин мүсіні.

Ресейдің Хабаровск өлкесіндегі Сосновка елді мекенінде совет диктаторы Иосиф Сталинге бетоннан үш метрлік ескерткіш орнатылды.

Сталин ескертішін Алтай автономиялы республикасында тұратын мүсінші Владислав Кононов әзірлеген. Ол осыған дейін де жеке тапсырыстар бойынша СССР басшысына ескерткіш жасаған. Оның айтуынша, бетоннан жасалған мүсін кемінде он жылға шыдайды.

Ескерткіш “салтанатты түрде” 9 қазанда ашылды. Оған жергілікті коммунистік партия өкілдері қатысты. Ашылу кезінде Абиев “Сталин болмағанда, Совет одағы ядролық держава да болмас еді” деген пікір айтқан.

Хабаровскідегі “Мемориал” қоғамдық қозғалысының басқарма басшысы Юрий Люклян Сталинге ескерткіш орнатуды құптамайды.

“Сталин адам құқығын аяққа таптады, кінәсіз адамдарды қуғын-сүргінге ұшыратты, миллиондаған адамды ГУЛАГ-қа жіберіп, тағдырын талқандады” дейді ол.

Коммунистік партия өкілдері Сталинге Ресейдің Байкал аймағында да ескерткіш орнатуға күш салып жатыр. Мамыр айында Новосибирскте Сталин ескерткіші пайда болған.

Сәуір айында “Левада-центр” зерттеу орталығы ресейліктердің 70 пайызы Сталиннің тарихтағы рөліне жоғары баға береді деп хабарлаған. “Левада-центр” орталығы жүргізген сауалнамаға қарағанда, респонденттердің жарымына жуығы Сталиннің қуғын-сүргінін ақтауға дайын.

Азаттық сайтының хабарлауынша, өткен жылы Ресей Ұлыбритания режиссері Армандо Ианнуччидің “Сталиннің өлімі” комедиясын прокатқа шығаруға тыйым салған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз