Ресейдің премьер-министрі ауысты

0
72
Ресей прьемер-министрі Михаил Мишустин. Photo: TASS

16 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Михаил Мишустин прьемер-министрі болып тағайындалды.

Ал 15 қаңтарда оставкаға кеткен премьер Дмитрий Медведев Путиннің жарлығымен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Екі жарлық та күшіне енді.

16 қаңтар түсте Ресей Мемлекеттік думасы Мишустиннің кандидатурасын мақұлдаған. 383 депутат қолдаса, 41 депутат қалыс қалды. Қарсы болғандар жоқ. Дума төрағасы Вячеслав Володин мұндай Ресей тарихында бірінші рет тіркелгенін, бұған дейін премьер кандидатурасына қарсы дауыс бергендер болғанын айтты.

Ресей коммунистік партиясынан сайланған депутаттар қалыс қалды. Қалғандары қолдаған.

Мишустин депутаттар алдында сөз сөйлеп, Путиннің жолдауында берген уәделерін орындауға көмектесетінін айтты.

  • 15 қаңтарда президент Владимир Путин Федералды жиынға дәстүрлі жолдауында Ресей Конституциясын түбегейлі өзгертуді, билік құзыретін қазір еш күші жоқ парламент пен мемлекеттік кеңестің пайдасына бөлуді ұсынды.
  • Мемлекеттік Думаға премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау құқығы берілді. Президентке екі реттен артық сайлануға тыйым салу, Федерация кеңесіне Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын қызметінен шеттетуге, күш құрылымдары басшыларын тағайындауды бақылауға рұқсат беру ұсынылды.
  • Бұл өзгерістер – Ресей Конституциясы тарихындағы ең радикалды реформа. Олар бүкілхалықтық дауыс беру кезінде бекітіледі. Интерфакс агенттігінің дерек көзі Конституцияға өзгертулер енгізу туралы заң жаздың соңына дейін дайын болатынын айтады.
  • Жолдаудан кейін премьер-министр Дмитрий Медведев үкіметтің оставкаға кеткенін жариялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз