Ресейден кейін Иран да Telegram-ға тыйым салды

0
101
дереккөзден

Иран сәрсенбіде үкіметтік ұйымдарға Telegram мессенджерін қолдануға тыйым салды, сондай-ақ Иранның жоғары лидері аятолла Әли Хаменеидің әкімшілігі Хаменеидің аккаунты елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабылатынын  хабарлады, деп жазады Reuters.

ISNA ақпарат агенттігі Ислам Республикасында шамамен 40 миллион адам қолданатын мессенджерге неліктен тыйым салынғанын түсіндірмеді. Ca-news таратқан ақпарға сәйкес, Сирия кикілжіңінде Иранның одақтасы Ресей өз аумағында аталған қосымшаны бұғаттай бастаған соң, бірнеше күннен кейін Ислам Республикасының аумағында да аталған мессенджердің бұғатталуы тиіс деген өкім келген.

ISNA агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, Иран әкімшілігі «кез келген үкіметтік ұйымға шетелдік мессенджерді қолдануға тыйым салды».

Хаменеи болса, Telegram мессенджерін «ұлт қауіпсіздігі және аталған қосымшаның қауқарлығын тоқтату үшін» сәрсенбіден бастап қолданбаған.

Жоғары көшбасшы әлеуметтік желілерді тіпті елде тыйым салынған (Twitter және Facebook) болса да, белсенді қолданады. Хаменеидің әкімшілігі аккаунтты әрдайым жаңа сурет және ақпарлармен жаңартып отырады.


Ресей кәсіпкері құрған Telegram қосымшасы әлемдегі ең танымал мессенджерлер қатарында 9-шы орынға ие, Иранда бұғатталғанға дейін аталған мессенджер үкімет өкілдері, саясаткерлер, БАҚ өкілдері және компаниялар тарапынан өте қарқынды қолданысқа ие болды.

Осы жұмада сот билігінің өкілдері Telegram және өзге де шетелдік мессенджерлерге Иран аумағында үкімет тарапынан рұқсат берілсе және қолданушылардың деректерінің қауіпсіз сақталуына кепілдік берсе ғана, қолданысқа  шығуына рұқсат берілетіндігін хабарлады.

Сафина Саид


ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз