“Рохинджа мұсылмандары отанына оралуға тиіс”

0
81

Бүгінгі Ислам Ынтымастығы Ұйымының (ИЫҰ) тұңғыш ғылым және технологиялар саммитінің алғашқы жұмыс сессиясында сөз алған Бангладеш Халық республикасының Президенті Абдул Хамит Мьянмадағы жайтқа жете тоқталып, рохинджа мұсылмандарының қорғауға мұқтаж екенін алға тартты.

Рохинджа босқындарының Бангладеш аумағына лек-легімен ағылып жатқанын айтқан басшы мемлекет тарапынан рохинджа мұсылмандарына жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Әрі босқындарға көмек көрсеткен өзге мемлекеттерге де алғысын білдірді. Бангладеш Президенті Абдул Хамит түптің-түбінде рохинджа мұсылмандарының өз отандарына қайтып оралуы керектігін алға тартты. Бұдан өзге саммиттің басты тақырыбына қатысты пікір білдірген Бангладеш басшысы ХХІ ғасыр ғарыш жылдамдығымен дамып келе жатқанын еске салып, өкінішке орай кейбір Ислам мемлекеттерінің бұл дамудан кенде қалып жатқанын айтты. Осы орайда Ислам әлемінің өзара ынтымақтастығы негізінде көп саланы дамытуға күш салуға болатынын атап өтті.

Бірінші жұмыс сессиясында сөз алған өзге де Ислам мемлекеттерінің басшылары мен өкілдері және бақылаушы мемлекеттер тарапынан сөз алған өкілдер ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерге ғылым мен технологияны дамытудың орасан зор қажеттілігін және білім, экономика, медицина т.б. салалардағы әлеуетті даму жолдары туралы пікір бөлісті. Сонымен қатар қазіргі Ислам елдері арасында орын алып жатқан саяси, діни қақтығыстар туралы да сөз қозғалып, оларды тоқтату керектігі де алға тартылды.

Бірінші жұмыс сессиясының соңында сөз алған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана декларациясының қабылданғанын және нәтижесінің құлақтандырылатынын, сонымен қатар Мьянмадағы түйіткілге байланысты да декларация қабылданғанын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз