Роналду қырғызстандық сырқат қыздың халін сұрады

0
246
Сурет: Дамира Байзақова Facebook парақшасынан

5 дүркін “Алтын доп” иегері Криштиану Роналду мен жұбайы Джоржина Родригес және португалиялықтың клубта бірге ойнайтын әріптестері Паоло Дибала мен Хуан Куадрадо Италияның Турин қаласындағы онкологиялық орталықта ем қабылдап жатқан қырғызстандық сырқат қыздың халін сұрап барды.

Бұл туралы Бішкектегі Ұлттық онкология орталығы балалар бөлімінің дәрігері Дамира Байзақова Facebook парақшасында жазды.

«Бұл кішкентай қыз Қырғызстаннан. Өкінішке қарай, оған сүйек саркомасы диагнозы қойылған. Емдеудің ең қиын кезеңдері артта қалды. Ол химиятерапия алды, содан соң әрі қарай ем қабылдау және ота (протез жасату) үшін Түринге кеткен болатын. Аллаға шүкір, отасы сәтті аяқталды», – деп жазды дәрігер.

Хуан Куадрадо қырғызстандық қызбен.
“Ювентус”клубының ойыншысы Паоло Дибала қырғызстандық қызбен.
Сырқат баланың жағдайын сұрап келген Туриндік полицейлер.

Туриндегі дәл осы ауруханада Қырғызстаннан келген тағы бір бала Нұрпазыл да жатыр. Оған туриндік полицейлер келіп, көп сыйлық беріп кетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз