Путин мен Ердоған келісім жасасты

0
163
дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті.

Сөйлесу барысында қос мемлекет басшысы Сирия мәселесін талқылап, лаңкестермен күресте екі елдің қарулы күштері мен арнайы жасақтарын үйлестіруді нығайтуға келісті.

«Сириядағы қарулы күрестерді тоқтатуға кедергі келтіріп жатқан лаңкестік ұйымдармен күрес мақсатында Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының қарулы күштері мен арнайы жасақтарының әрекеттерін үйлестіруді күшейту келісілді»,

– деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметі.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз