Сауд Арабиялық Рахафқа Канада баспана ұсынды

0
96

6 қаңтар Отбасымен Кувейтке демалуға барып Таиландқа қашқан, кейін БҰҰ-нын босқын мәртебесін сұраған Сауд Арабиялық Рахаф Әл-Кунунды Канада паналатты.

Рахаф Әл-Кунин BBC арнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясынан, отбасынан қашуының себебін ислам дінінен бас тартуы және еліне қайта оралған жағдайда өлім жазасы күтіп тұрғанын айтып түсіндіреді.

Сайд Арабиясының тумасы 6 қаңтарда отбасымен бірге Кувейтте демалып жүріп Таиландқа қашып кеткен. Алайда Бангкок әуежайында Сауд Арабиясы елшілігінің өкілі бойжеткеннің құжатын алдап алып қойғанын айтады. Тайланд билігі Рахаф Әл-Кунунды өзі қашып келген Кувейтке немесе Сауд Арабиясына жіберуден бас тартады.

Бүгінге дейін Аустралия билігі Рахаф Әл-Кунунға саяси баспана беру мәселесін қарастырған. Аустралия үкіметі Сауд Арабиялық бойжеткеннің тағдырына алаңдаушылық танытып, БҰҰ босқындар ісі бойынша басқарма комиссарына қызға саяси баспана беру туралы шешімді тездетіп қабылдауға шақырған болатын.

Сауд Арабиясының үкіметі соңғы жылдарды әйелдер мәселесіне қатысты тыйым салынған шектеулерді белсенді түрде жоя бастағанымен, елде әлі де әйелдер құқығы мәселесі шектеледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз