Сауд Арабиясы Усама бен Ладеннің ұлын азаматтықтан айырды

0
90
дереккөзден

Сауд Арабиясы 2011 жылы өлтірілген “Әл-Каида”* лаңкестік тобының жетекшісі Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді азаматтықтан айырды. Бұл туралы Arab News король бұйрығына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Reuters агенттігі бен Ладеннің ұлын Сауд Арабиясы азаматтығынан айыру туралы шешімді корольдік билігі өткен жылдың қарашасында қабылдағанын жазады.

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік департаменті 1991 жылы дүниеге келген Хамза бен Ладеннің қайда екенін айтқан адамға 1 млн доллар көлемінде сыйақы беретінін хабарлаған еді. Оны 2001 жылы 11 сәуірде АҚШ-та болған ең ірі лаңкестік әрекет жасаған “Әл-Каида”* лаңкестік тобының кезекті жетекшілерінің бірі деп есептейді. Мемлекеттік департамент 2015 жылы Хамза бен Ладеннің ғаламторда АҚШ пен оның тараптастарына шабуыл жасау туралы үндеулер жариялағанын мәлімдейді.

2016 жылы Хамза бен Ладен 2011 жылы Пәкістанда америкалық арнайы қызмет өкілдерінің қолынан қаза тапқан әкесі үшін кек қайтарамын деп сес көрсетті. 2017 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті оған қарсы санкция енгізді. Хамза бен Ладеннің қаржысы мен мүлкі бұғатталды.

 

"Әл-Каида"* - ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз