Ұшақ бағытын өзгертпек болған жолаушы ұсталды

0
117
Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағы.

22 қаңтар күні ресейлік “Аэрофлот” әуе компаниясының Сургут-Мәскеу бағытымен ұшып шыққан ұшағын басқа бағытқа бұрмақ болған жолаушы ұсталды. Бұл туралы “Аэрофлот” компаниясы хабарлады. 

Агенттіктің авиадиспетчер қызметіндегі дереккөзі қаруланған жолаушылардың бірі экипаждан ұшақты Ауғанстанға қарай бағыттауды талап еткенін айтқан.

Сургуттан Мәскеуге ұшып шыққан “Аэрофлот” ұшағының жолы.

Ресей тергеу комитеті оқиғадан ешкім зардап шекпегенін, ұшақ бағытын өзгертпек болған адамның мас болғанын мәлімдеді.

РЕН-ТВ дерегінше, ұшақта 70-тен астам адам болған. Олардың бесеуі – бала, жетеуі – экипаж мүшесі.

“Ұшақ бағытын өзгертпек болған адам жекенің мүлкін бүлдіру айыбы бойынша сотталған. Жолаушы қаруым бар деп пилоттарға қарай өтпек болған. Ол пилоттардан ұшақ бағытын өзгертуді талап еткен. Экипаж Ханты-Мансыға қонуға шешім қабылдаған” деді комитет өкілі Светлана Петренко. 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз