Ұшақта дүниеге келді

0
144

Рио-де-Жанейродан Чили астанасы Сантьягоға бара жатқан ұшақ Бразилияға қонуға тура келді. Өйткенгі ұшақ бортында сәби дүниеге келді. Бұл туралы Бразилиялық G1 жаңалықтар порталына сілтеме жасап holanews.kz хабарлады.

Жас ана отбасымен Бразилиядан Чилиге демалыстан қайтып бара жатқан. Ол жүктіліктің 8-ші айында болып, дәрігер оған ұшаққа отыруға рұқсат берген.

Алайда әйелдің Сан-Паулу транзиттік әуежайынан ұшқаннан кейін толғағы басталған. Сәбидің өмірге келуіне жолаушылардың арасынан табылған екі медбике көмектескен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз