СІМ: Германияда қаза болған жігіттің Қазақстанға қатысы жоқ

0
115
Сурет: Sky News

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Германияның Штутгарт қаласында қылмыскер қолынан қаза тапқан адам ол елге Қазақстаннан барған деген ақпаратты жоққа шығарды.

“Қазақстанның (Германияның) Франкфурт қаласындағы бас консулдығына неміс полициясының берген ақпаратына сәйкес, қаза болған азаматтың Қазақстанға еш қатысы жоқ” деп хабарлайды баспасөз қызметі.

1 тамыз күні Telegram-да Штутгарт қаласында 36 жастағы жігітті қылмыскер қанжармен өлтіргені туралы ақпарат тараған еді. Кей басылымдар 31 шілдедегі оқиғада қаза болған адам Германияға Қазақстаннан барған деп жазған.

Германия полициясы қылмысқа күдікті ретінде 28 жастағы сириялық мигрант ұсталғанын хабарлаған. Күдіктіні көп ұзамай полиция қамауға алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз