Сирия үкіметінің жеңісі агрессия тудыруда – Асад

0
78
дереккөзден

Cирия үкіметінің лаңкестік ұйымдарға қарсы күресіндегі жетістігі Сирияға қарсы бірқатар елдерді Сирия Араб Республикасына тікелей агрессия көрсетуге мәжбүрлеуде. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асад Дамаскте Иран Ислам кеңесі Меджлисінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссия төрағасы Алаэддин Боруджердимен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Бұдан өзге Сирия президенті сириялықтардың өз егемендігін қорғауға және болашағын өз бетінше айқындауға құқығы бар екенін алға тартты.

Өз кезегінде Боруджерди АҚШ пен оның одақтастары Сирияда жеңіліс тапты, Сирия Араб Республикасына соңғы бағыттаған сәтсіз зымыран шабуылы «қарсылық осінің тұрақтылығын білдіреді» деп атап өтті.

Дүйсенбіге қараған түні Сирия әскерінің Алеппо және Хама провинцияларындағы нысандары зымыран шабуылына ұшырады.

Иран саясаткері Тегеран Сирияға көмек көрсете береді, деп мәлімдеді.


Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. 2017 жылдың соңында Сирия мен Иракта «ДАИШ»* лаңкестік ұйымының жеңілісі мәлім етілді. Қазіргі уақытта Сирия Араб Республикасындағы тұрақтылық пен қалыпқа келтіру мәселелері басты назарда тұр. Осы орайда Астанада Сирия бойынша кепіл елдер кездесетін процесс өтуде. Сирия бойынша Астана процесінің оныншы раунды мамыр айының ортасында өтеді деп күтілуде.


*ДАИШ – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз