Содырлар Найробиде жарылыс жасады: адам қазасы бар

0
89
news-front.info

“Аш-Шабаб”* лаңкестік ұйымының содырлары Найробидегі қонақ үй кешеніне шабуыл жасап, салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты. Бұған дейін содырлар тұтқындарды басып алды деп хабарланған еді. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Полицейлердің ақпарына сәйкес, қонақ үй кешенін тазалау операциясы аяқталған, алайда адамдарды құтқару операциясы әлі де жүріп жатыр. Адамдар күштеп тұтқынға алынғаннан кейін, екі жарылыс болған. Оқиға орнына полицейлер мен арнайы қызмет жауынгерлері жедел жеткен. Содырлар оқ атып, бірнеше граната лақтырған, кейіннен “Дусит” деген қонақ үй кешенінің ғимаратына кіріп алған.

“Дусит” қонақ үй кешені Кения астанасының солтүстігіндегі белді кварталда орналасқан ғимарат. Қонақ үйден өзге мұнда бірнеше мейрамханалар мен барлар бар. Көбіне шетелдіктер жиі келіп, кездесу ұйымдастырады.

Соңғы жылдары Кения астанасында лаңкестік әрекеттер бірнеше рет орын алды. 2015 жылы Найробиде содырлардың жергілікті университеттердің біріне жасаған шабуылы салдарынан шамамен 150 студент көз жұмса, аталған жылдан екі жыл бұрын содырлар сауда үйлерінің бірінде жарылыс жасап, ондаған адам қаза тапты.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз