Софиядағы Астана көшесі

0
122

Болгария астанасы София қаласында Қазақстан астанасы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Астана» көшесі ашылды.

Софиядағы «Астананың» ашылуына Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының мүшесі – депутат Борис Янчев, София қаласы мэрінің орынбасары Дончо Барбалов, София облысының мэрі Илиан Тодоров, Болгарияның іскер, ғылыми, сарапшлық топтарының және БАҚ-тар және қазақ диаспораның өкілдері қатысты.

«Астана» көшесі София орталығында «Болгария» даңғылының қасында қаланың ең әдемі орындарының бірінде орналасқан. 

Салтанатты іс-шара аясында белгілі Болгар композиторы мен әншісі Орлин Горановтың орындауында «Астана» атты әні шырқалып, әннің CD дисктері мен ҚР Дипломатиялық миссиясы әзірлеген Қазақ-Болгар тілашарлар таратылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз