SpaceX компаниясы 60 интернет-байланыс спутнигін ұшырды

0
100

Бейсенбі күні түнде SpaceX компаниясы Флорида штаты Канаверал мүйісінде АҚШ ӘҚК базасынан 60 интернет-байланыс спутнигі ұшырды. Бұл туралыThe New York Times сайты хабарлады.

Спутник ұшқаннан бір сағат өткеннен кейін, Жерден 270 миль биіктікте Starlink спутниктер тобы оларды орбитаға жеткізген зымыраннан ажырады. Илон Маск Twitter-дегі ресми аккаунтында спутниктер тобының сәтті ұшырылғанын растап, сурет жариялады. Компанияның жоспарына сәйкес, келесі жылы Starlink жүздеген спутнигі Жердің үстіндегі “шоқжұлдызға” айналып, әлемнің кез келген нүктесінде интернетті қамтамасыз ететін болады. Спутниктердің әрқайсысы 500 фунтты құрайды. Олар тек күн батареясымен жұмыс істейді. 2015 жылы SpaceX компаниясы Starlink жобасын интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен жасады. Жоба аясында 11 мың спутник орналастырылады. Бұл жобаға 10 млрд АҚШ доллары жұмсалмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз