Түркіменстан ғылым саласын қаржыландыруды тоқтатады

0
102
дереккөзден

Түркіменстан елдегі ғылым академиясын қаржыландыруды тоқтатады. Бұған себеп – энергетикалық сектордағы құлдырауда экономиканы нығайтып, қаражатты үнемдеу амалы. Ғылым Академиясын мемлекеттік қаржыландыру үш жыл көлемінде тоқтатылады, деп хабарлайды ca-news.

 26 ғылыми-зерттеу институты мен сейсмология Мемлекеттік қызметі мемлекеттің қаржылық қолдауынан қағылады. Түркіменстан ғылым Академиясының құрамына сондай-ақ Түркіменстанның Жоғары аттестациялық комиссиясы, 17 жоғары мектеп пен 2 медициналық зерттеу орталығы, 1 кітапхана, 2 баспахана кіреді.

Түркіменстан ғылым Академиясы бұған дейін 1998 жылы елді Сапармұрат Ниязов басқарғанда мемлекеттік қолдаудан тысқары қалған еді, бірнеше жыл қатарынан қоғамдық бастамалар бойынша жұмыс істеді. 2009 жылы қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың бұйрығымен қайтадан мемлекет тарапынан қаржыландырыла бастады.

Түркіменстан ғылым Академиясы 1951 жылы Ашхабадта құрылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз